Майк Тайсон Отелло рөлін сомдағысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майк Тайсон Отелло рөлін сомдағысы келеді

Майк Тайсон Отелло рөлін сомдағысы келеді

Белгілі америкалық боксшы Майк Тайсон Уильям Шекспирдің пьесасындағы Отелло рөлін ойнағысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Mirror хабарлады.

  • 17 Қараша 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz

Тайсон әзірге театр сахнасына шығуға әзір еместігін, алдымен телевидениеде жұмыс істеуді жоспарлап жүргенін айтты.

«Шекспир  кейіпкерлерін сомдағым келеді. Кімді екенін нақты білмеймін, алайда Отелло рөлін ойнасам деймін», — деп газетте боксшының сөзі келтірілген.

«Шекспирдің пьесасында ойнасам, керемет емес пе? Мен сияқты қара жігіт… Мені Отелло ретінде елестете аласыңдар ма?» — деді ол журналистерге Лас-Вегаста Soul Train Awards музыкалық сыйлығын табыстау кезінде.

Тайсон 55 фильмге түскен, оның ішінде өзін сомдаған кино  да бар. «Мальчиншник в Вегасе» фильмінің бірінші, екінші бөлімдеріне түскен. Алдағы уақытта екі картинасы прокатқа шықпақ.