Қостанайда зағип жандардың тұңғыш жыр жинағы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда зағип жандардың тұңғыш жыр жинағы жарық көрді

Қостанайда зағип жандардың тұңғыш жыр жинағы жарық көрді

 Қостанайда тұңғыш рет зағип жандардың өлеңдер жинағы жарық көрді. «Сезім бояулары» аталатын кітапқа көзі көрмейтін 9 ақынның жыр-шумақтары енген.

  • 17 Қараша 2014
  • 316
Фото - Caravan.kz

Людмила Тупицина 5 жасында көз жанарынан айырылған. Айтуынша, тұмаудың асқынып кетуі себеп болған. Сөз құрастырып, өлең жазуға 1 жыл бұрын ден қойыпты. Осы уақыттың ішінде 100-ге жуық жыр шумақтарын шығарған. «Бойыма шабыт күтпеген жерден келді», — дейді әуесқой ақын. Демеушілердің көмегімен бұл кітаптың жалғыз ғана данасы шығыпты. Жүзге жуық өлеңдердің басым бөлігі Хамит  Есмұратовтікі. Әскерде жүргенде жазатайым жанарына зақым келген. Қазір екі көзі су қараңғы. Хамит көптен бері жинақтаған шығармаларының жарық көргеніне риза.

«Мынау мүгедектер, көзі көрмейтін адамдар өзінің істеген жұмыстарын көрсетіп, жұртқа білдіртіп дегендей үлкен жұмыс істелінген.Әсіресе мынау кітапхана мен Мария Амиргалиевна коллективіне үлкен рахмет айтамыз», — дейді  бірінші топтағы мүгедек, ақын Хамит Есмұратов.  

Кітапхананың өзінде айқын нүктелі әріптермен теретін арнайы аппарат бар. Соның көмегімен зағип жандар оқи алатындай бірнеше шығармалар басылып шығарылған. Жаңа жинақ кәсіби деңгейде жасалған, баспаханада түптелген, деп жазады 24.kz.


«Бұл жинақтың ішінде біздің ақындарымыздың өлеңдері үш форматта шығып отыр. Брайля әліппесімен және дискіде шығып отыр. Біздің ақындарымыз өздері бұны ауызша айтып беріп отырады», — дейді Мәрия Дәрменова, облыстық зағип жандарға арналған кітапхана директоры.