Қазақстанның бірқатар аймағында ескерту жарияланды - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірқатар аймағында ескерту жарияланды - Қазгидромет

Қазақстанның бірқатар аймағында ескерту жарияланды - Қазгидромет

Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

  • 8 Желтоқсан 2014
  • 353
Фото - Caravan.kz

8 желтоқсанда Астанада, синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы  -30 градусқа төмендеді. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында сынап бағанасы түнде  — 20-25, кей жерлерде 30 аязды көрсетті. 8-9 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы төмендейді, кей жерлерде бұл көрсеткіш 30-35 градус аязға жетпек.

Қазақстанның басым аумағында күн құбылмалы болады. Қар жауады, әсіресе елдің оңтүстік-шығысында,  кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашын жаумайды.

Ақмола, Шығыс қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, боран соғады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, боран соғуы ықтимал.  Алматы, Жамбыл облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, түнде жел 18-23 м/с дейін күшейіп боран болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, таңертең және күндіз оңтүстік Қазақстан облыстарында жел жылдамдығы  15-20 м/с жетеді.