Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол «Адырна» порталының юутб арнасына берген сұхбатында Каспийді сақтап қалуға қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.
«Каспий, Арал туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен мінберлерден айтты. Экология министрлігі көрші мемлекеттердегі әріптестермен жұмыстанып жатыр. Мысалы, Маңғыстауда Каспийді сақтап қалу бойынша өкілдіктер, институттары ашылды, жұмыс басталды. Бірақ, Каспий үлкен теңіз. Сондықтан зерттеу керек. Әр маман әртүрлі айтады. Бірі «Кавказдағы талар өсіп бара жатқаннан кейін соның астындағы тиктоникалық тақталар орнынан қозғалып кетіп жатыр» десе, бірі «цикл» дейді. Ал тағы бірі»өзеннен су аз түсіп жатыр» дейді. Нақты осыдан деген себеп естіген жоқпын. Лайым цикл болсын. Ақсақалдардың айтып жүргені рас болсын. Бұрынғы заманда Каспий қазіргіден де қатты кетіп қалып, кейін арнасына сыймай кеткен кездер болған. 70-ші жылдары кетіп, 90-шы жылдары қайтып оралған кезде Ақтау қаласында қала әкімінің үлкен мәселесінің бірі толқын қатты соққан кезде жолдың үстіне шығып кететін жағдайлар болған. Сол кезде жұмыс істеген ағаларымыз сондай үлкен мәселе болды дейді. «, — дейді ол.
Сондай-ақ, ол журналистің «Ирандағы соғыс Маңғыстауға қалай әсер етуде» деген сұрағына да жауап берді.
«Ирандағы жағдай Каспийдің экологиялық ахуалына әсер етіп жатыр деп айта алмаймын. Себебі, Каспийдің тартылуы оған дейін бірнеше жыл бұрын басталды. Осыдан жарты жыл бұрын біздің далада ұшқышсыз ұшу аппаратының (беспилотник) қалдығы табылды. Оны сараптамаға алып кетті. Кімдікі және қайдан ұшып келгенін дәл қазір айта алмаймын. Теңіз арқылы Иранмен жүк қатынасында азаю бар. Бірақ, теміржолмен, жүк көліктері арқылы көбеймесе, азайып жатқан жоқ»,- дейді Нұрдәулет Игілікұлы.