Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайымов мәлім етті.
Айта кетейік, қарызы бар немесе әкімшілік айппұлдарды төлемеген қазақстандықтар шетелге шыға алмайды. Бұл мәселені шешу үшін министрлік арнайы терминалдарды әуежайларда, теміржол және автокөлік вокзалдарында орнатуды ұсынып отыр.
«Яғни, қарызы бар азаматтарға электронды форматта айппұлдарды төлеуді қолжетімді етпекпіз. Менің ойымша, бұл қалыпты өркениетті тәжірибе және осы тәжірибені алдағы жылдан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді министрдің орынбасары.