Аудандық прокуратураның хабарлауынша, апат өткен жексенбі күні Көкпекті ауылы маңында болған. Аудандық ІІБ кезекші бөлімінің бастығы рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Содан соң көлік қарсы келе жатқан көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.
Салдарынан оның өзі мен жанындағы аға инспектор сол жерде жан тапсырды.
Қарсы келе жатқан көлік жүргізушісі Ресей азаматы болып шықты. Ол жеңіл жарақат алған. Аталған факті жан-жақты тексеріліп жатыр.