Қазақстандық діни қызметкерлердің компьютерден сауатты болу керек пе? - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық діни қызметкерлердің компьютерден сауатты болу керек пе?

Қазақстандық діни қызметкерлердің компьютерден сауатты болу керек пе?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңесі “Діни қызметкерлердің этикалық қағидалары және өзін -өзі ұстау нормалары” кодексін қабылдады.

  • 9 Желтоқсан 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz


Кодексте көзделген нормаларға орай діни қызметкерлердің коммуникация мен байланыстың заманауи құралдарын меңгеруі, компьютерден сауатының болуы, интернетті білуі және шешендік өнерді игеруі, адамдармен сөйлесе алуы көзделген, делінген діни басқарма сайтында берілген хабарламада.
Имамдар мешітке келгендермен сыпайы сөйлесіп, олардың өтініштерін орындау үшін бар шараларды қабылдауға тиіс. Жұмыс уақытын дұрыс бөліп, кәсібиліктерін арттыруы шарт.
Кодексте көрсетілгендей, олар шариғатпен қатар зайырлы білім алуға тиіс.
Діни қызметкерлер жанұяда исламдық рухта тәрбиелеу, мұсылмандықты сақтау, көршілермен жақсы қарым-қатынас орнату, туысқандарға көмек беруге ерекше мән бөлуге тиіс.
Сонымен қатар олар ұжымда жақсы достық қарым- қатынас орнатуы қажет, әрі қайырымды істердің бастамашысы болуы шарт.