Kazakhmys-тың қайта құрылуы болашақта компания бизнесінің тиімділігіне оң ықпал етпек - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Kazakhmys-тың қайта құрылуы болашақта компания бизнесінің тиімділігіне оң ықпал етпек

Kazakhmys-тың қайта құрылуы болашақта компания бизнесінің тиімділігіне оң ықпал етпек

Kazakhmys қайта құрылуы болашақта компания бизнесінің тиімділігіне оң ықпал етеді, деп санайды сарапшылар.

  • 9 Желтоқсан 2014
  • 762
Фото - Caravan.kz


"Сөз жоқ, тиімділігі төмен активтердің жеке меншік кәсіпорынға бөліп шығарылуы орташа өзіндік құнның елеулі төмендеуіне әкелуге тиіс. Яғни, өндірістік шығындар азайса, бұл түптеп келгенде бизнестің тиімділігіне жақсы әсер ететін болады”, деді "Интерфакс-Қазақстанға” "Асыл-Инвест” инвестициялық компаниясының сараптама департаментінің жетекшісі " Айвар Бәйкенов.
Қайта құрылымдалуға тиіс 2,7 млрд доллар қарыз бар, олар KAZ Minerals PLC. көпшілік компаниясының балансында қалғандар. "Таза қарыздың небары 192 млн доллар екендігіне қарамастан жыл сайынғы пайыздық шығын елеулі болмақ”, деді ол.
Ал Centras Securities инвестициялық компанияның сарапшылары Kazakhmys қайта құрылуы Бозшакөл, Ақтоғай, Көксай кен орындарында өндіріс басталғанға дейін ғана компания акцияларының құнына теріс ықпал етуі ықтимал деп санайды .
BCC Invest сарапшылары қайта құрылған екі жылдың ішінде Kazakhmys тобының қаржылық жағдайы елеулі түрде жақсара қояды деп санамайды. Олардың пікірінше, 2015 жылы табыстың негізі бөлігі шығыс аймақтан түсіп отырмақ, ал 2015 жылдың соңынан бастап Бозшакөл кен орнындағы бірінші өндіріс қосымша қаржы әкеле бастамақ.
Алдында белгілі болғандай, Kazakhmys топтың көпшілік