Қазақстан темір жолы Ресейге қарай жүретін пойыздардың қозғалысын шектемейді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан темір жолы Ресейге қарай жүретін пойыздардың қозғалысын шектемейді

Қазақстан темір жолы Ресейге қарай жүретін пойыздардың қозғалысын шектемейді

 «Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясы (ҚТЖ) Ресейге қарай жүретін темір жол құрамдарының қозғалысына шектеу қоймайды.

  • 9 Желтоқсан 2014
  • 559
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей федерациясы арасында 17 пойыз қатынайды. Оның 10-ы ҚТЖ-на, 6 құрам «Ресей темір жолдары» ААҚ-на тиесілі.
2014 жылдың 14-желтоқсанынан бастап «РТЖ» ААҚ «Новосибирск-Алматы» және «Новокузнецк – Қарағанды» бағытына қатнайтын жолаушылар пойызын кестеден алып тастады. Ал, «Қазақстан темір жолының» «Алматы – Новосибирск» бағытына қатынайтын пойызы кестеге сәйкес жүреді.
ҚТЖ-ның Ресейге қатынайтын барлық он пойызы жүрісін тоқтатпайды, делінген хабарламада.
Дегенмен, Ресей жағы да қажеттілік туындаған жағдайда жолаушылар пойызы қозғалысын қайта қалпына келтірмек.
«Федералды жолаушылар компаниясы» ААҚ 14-желтоқсаннан бастап ТМД елдеріне қатынайтын 5 бағыт қана сақталып қалатынын хабарлаған болатын. Олар: Мәскеу-Кишинев, Мәскеу-Брест, Томск-Лениногорск, Челябинск-Ташкент және Орынбор-Ташкент.
Ал, ТМД елдерімен арадағы өзге пойыздар экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты жүрісін тоқтатпақ.