«Шипажай бүгін таңертең алғашқы 20 баланы қабылдады. Олар Березов орта мектебінің 7-8-сынып оқушылары. Пән мұғалімдері де шипажайға орналастырылады. Бұл оқушылардың сабақ кестесінен кешігуіне жол бермеу мақсатында жасалып отыр», — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мектепте оқитын 170 оқушы толықтай дерлік шипажайда оңалтылады.
Әкімдік мәліметінше, 28-қарашадан бері 90 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Қазір үш бала ауруханада емделіп жатыр.