Мұстафа Өзтүрік жайлы деректі фильм жарыққа шықты - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұстафа Өзтүрік жайлы деректі фильм жарыққа шықты - ВИДЕО

Мұстафа Өзтүрік жайлы деректі фильм жарыққа шықты - ВИДЕО

Қазақ топырағына таэквондо спортын ала келген, алты алаштың айбынына айналған айбоз ұлы Мұстафа Өзтүрік туралы «Алаштың айбоз ұлы» атты деректі фильм түсіріліп, жұртшылыққа ұсынылды. 

  • 10 Желтоқсан 2014
  • 902
Фото - Caravan.kz

«КТК» арнасы тапсырысы негізінде дүниеге келген туынды Ыстамбұл (Түркия), Мюнхен (Германия) және Алматы қалаларында түсірілген, деп жазады baistars.kz.

Елін әлемге танытқан азамат Мұстафа Өзтүрік көзі тірісінде-ақ өз халқының нар тұлғасы екенін дәлелдеп кетті. Қазақ еліне келіп, таэквондо спортынан балалар мен жастарға мектептер ашып, еліміздің осы спорт түрінен федерациясының негізін қалады.  Бүгінде елімізде әйгілі спортшының шәкірттерінің өзі шәкірт тәрбиелеп, дүниежүзілік масштабта жетістіктерге жетіп жүр.

Қазақстанда Таэквондо федерациясының негізін қалаушы, спорттың сайыпқыран саңылағы Мұстафа Өзтүрік биыл көзі тірі болғанда 60 жасқа толар еді. Өкінішке орай, даңқты тұлғаға 23 қараша күні мерейтойын халқының ортасында тойлау бақыты бұйырмаған екен. Бүгін даңқты тұлғаның өмір жолына арналған «Алаштың айбоз ұлы» атты деректі фильм жарыққа шықты. Жоба авторы — Арман Шораев болса, режиссері — Мұрат Белгібаев.