Филиппиндегі «Хагупит» тайфунынан 2,4 миллион адам жапа шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Филиппиндегі «Хагупит» тайфунынан 2,4 миллион адам жапа шекті

Филиппиндегі «Хагупит» тайфунынан 2,4 миллион адам жапа шекті

Филиппинде "Хагупит" тайфунынан  2,4 миллион адам зардап шекті, деп хабарлады  РИА Новости.

  • 10 Желтоқсан 2014
  • 304
Фото - Caravan.kz

Тайфун Филиппиннің орталығымен өткен. Төтенше жағдайларды басқару бойынша Ұлттық кеңестің (NDRRMC) деректерінше, апат салдарынан 9 адам қаза тапты, алайда Халықаралық Қызыл кресттің ұлттық бөлімшесі 27 адам ажал құшқанын хабарлаған. 480 адам жарақаттанды, 900-ден астам үй бұзылды, соның ішінде 420-сы толық қираған.

Табиғат апаты кезінде жауған жауыннан елдің орталығында көшкін мен сел жүрді. Бұл  электр энергиясының өшірілуіне әкеп соқты. Теңіз бен әскери көліктің жұмысы бүгінде қалпына келтірілуде.