Қытайлық шенеунік 35,5 млн. юань пара алғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық шенеунік 35,5 млн. юань пара алғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қытайлық шенеунік 35,5 млн. юань пара алғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ҚХР-дың даму және реформалар бойынша мемлекеттік комитеті жетекшісінің орынбасары Лю Тенань өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

  • 10 Желтоқсан 2014
  • 370
Фото - Caravan.kz

60 жастағы бұрынғы жоғары қызметтегі шенеунік 2002-2012 жылдар аралығындағы кезеңде 35,5 млн. юань көлемінде пара алғаны үшін айыпты деп танылды.

Лю Тенаньді қызметінен босату туралы шешім өткен жылы танымал қаржылық «Цайцзин» басылымындағы жарияланымнан кейін қабылданды. Онда оның қызметтік бабын отбасының пайдасына асырғандығы туралы материал жарияланған.

Лю Тенань даму мен реформалар бойынша мемлекеттік комитеті басшысының орынбасары қызметіне 2008 жылы тағайындалды. 2010 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың наурызына дейін ол ҚХР мемлекеттік энергетикалық басқармасын басқарды.

Сонымен бірге, ол ҚР-мен энергетикалық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге қатысты, энергетика саласында ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Қытай подкомитетінің 5-отырысына тең төрағалық етті.