Премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойған үкімет қаулысы "Казахстанская правда" газетінде жария етілген және ресми жария етілген кезден бастап он күннен кейін күшіне енеді.
Қаулыға қарағанда, мемлекеттік ресурсқа сатып алынатын астықтың бағасы мынадай : жұмсақ бидай (Triticum aestivum L.) ҚР мемлекеттік стандарты 1046-2008 болғанда 3 сыныптағы тоннасы үшін 42 мың теңге (ҚҚС төлейтіндер үшін де, төлемейтіндер үшін де). Жемшөп астығы үшін: мемлекеттік стандарт 28672-90 болғанда 2 сыныптағы арпа үшін тоннасы 28 мың теңге (ҚҚС төлейтіндер үшін де, төлемейтіндер үшін де).