Комитет Қазақстанды осыдан төрт жыл бұрынғы бейіт акция кезінде заңсыз қамалған азаматшаға материалдық өтемақы төлеуге және осы іске қатысты шағымдану процесін ұйымдастыруға кеткен шығынды өтеп беруге міндеттеді.
«Осындай әділетті, біздің азаматтық құқымыздың сақталуын қамтамасыз ететін шешім шығарған БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетіне алғысым шексіз. Комитетте менің атымнан жазылған тағы бес шағым жатыр. Мені екі рет 15 тәулікке қамады. Мен соған қатысты шағымданамын. Қалған үш шағымымның да маңызы зор деп ойлаймын», — деді Б.Төреғожина сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, комитет Қазақстанды Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық апктінің 9-шы, 19-шы және 21-ші баптарын бұзды деп тапты (Жеке бостандық және қолсұқпаушылық, Пікір білдіру құқығы, Бейбіт жиындарға шығу құқығы).
«Екі жылда біз заңгерлерге 8,5 млн теңге шығындаппыз. Олар өтелуі тиіс. Келтірілген моральдық шығын үшін 10 млн теңгеге жуық өтемақы талап етуге құқым бар деп ойлаймын. Бірақ, мемлекеттік судьяларымыз бұл соманы он есе қысқартып тастайтынын ескере отырып, біз 180 млн теңге сұрамақпыз. Моральдық шығынды өтемеуі мүмкін. Бірақ, заңдық шығындарды өтеп беруге міндетті», — деп атап өтті Б.Төреғожина.
2010 жылы Б.Төреғожина бірнеше адаммен бірігіп Алматыдағы Махатма Ганди ескерткіші маңында «Қазақстанда рухани көшбасшы іздеу» атты арт-моб ұйымдастырған болатын. Бейбіт шараға қатысушылар өткен-кеткендерге республикамыздың рухани жетекшісі кім деп ойлайсыз деген сұрақ қойған.
Араға бес күн салып құқық қорғаушы әкімшілік жауапқа тартылды. Содан кейін ол қалалық әкімшілік сотқа жеткізілген.
Судья Б.Төреғожинаны заңсыз митинг өткізді деп танып, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салды. Қалалық сот оның аппеляциялық шағымын қанағаттандырмаған.