Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚКҰ басшысы Николай Бордюжамен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚКҰ басшысы Николай Бордюжамен кездесті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚКҰ басшысы Николай Бордюжамен кездесті

Бейсенбі күні Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті.

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 396
Фото - Caravan.kz


Кездесуде Ұйымға мүше мемлекеттерге төніп тұрған қауіп-қатерлерге қарсы күрес жолдары талқыланды.
Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Бордюжа Қазақстан президентіне ҰҚКҰ-нің Мәскеуде өтетін кезекті сессиясына даындық жайын әңгімелеп берді.
Аймақтағы жағдайдың күн сайын құбылуына байланысты ҰҚКҰ алдына жаңа міндеттер қоюға болады, деді Н.Назарбаев.
«Коалициялық күштер Ауғанстаннан шығарылады. «Ислам мемлекетіне» байланысты қауіп-қатерлер көбейіп жатыр. Мұндай жағдайда Ұйым ахуалды зерттеп, болжам жасап отыратын және ұжымдық шаралар ұсынатын сараптама орталығына айналуы тиіс», — деді Н.Назарбаев.