"ҚазТрансГаз" Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданына газ тарта бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазТрансГаз" Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданына газ тарта бастады

"ҚазТрансГаз" Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданына газ тарта бастады

"ҚазТрансГаз" АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының елді мекендеріне газ тартуға кірісті.

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 524
Фото - Caravan.kz


Бейсенбі күні Мырзакент ауылына газ беру басталды, деп компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жобаны "ҚазТрансГаз" АҚ еншілесі "ҚазТрансГаз Аймақ" жүзеге асыруда.
Мақтаарал ауданында 300 мыңнан астам адам тұрады, ауданда 182 елді мекен бар, жыл басына шаққанда олардың 26-сы ғана газбен қамтылған.
Аталмыш жоба шеңберінде шамамен 130 км газ құбыры тартылып, пайдалануға берілді: 66,039 км Қарақай ауыл аймағында, 36,124 км Атамекен ауыл аймағында, 27,841 км Жылы су ауыл аймағында тартылған.
2020 жылға қарай компания Мақтаарал ауданын газбен қамтуды аяқтамақ.