«Технология жедел дамып, баршаға қолжетерлік болуда, киберқауіптің барын жоққа шығаруға да болмайды", — дейді Р.Бенжамен.
БАҚ мәліметі бойынша, өткен аптада Халықаралық азаматтық авиация ұйымы мен Халықаралық әуе транспорты қауымдастығын қосқанда, авиация саласында бес ірі ұйым кибершабуыл саласындағы жаңа келісімшартқа қол қойды.
«Біздің осы келісімге қол қоюдағы ортақ мақсатымыз – біздің индустрияда жұмыс істейтіндердің игілігі үшін киберқауіпсіздік саласында дұрыс мәдениет пен сенімді стратегияны ілгерілету үшін бірлесіп барынша тиімді жұмыс істеу», — дейді бас хатшы.