Таразда жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел іздестірілуде

Таразда жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел іздестірілуде

Таразда жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел іздестірілуде. Тасбауыр ана құрсағынан шыққан шаранасын қорапқа салып, қараңғы жерге қалдырып кеткен- деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 1107
Фото - Caravan.kz

Қараңғы қуыстағы шақалақтың шырылдаған дауысын жергілікті тұрғын естіген. Жұқа жөргекке оралған сәби қораптың ішінде теріс қарап жатыпты. Дереу жедел жәрдем шақыртылып, ол ауруханаға жеткізілген. 

Дәрігерлер туылғанына небәрі 4 күн болған деп топшылаған, ауыр жағдайда түскен нәрестенің беті бері қарады деп отыр. Оның мұндай суықта аман қалғаны таңқаларлық, медицина қызметкерлері оған Нұрай деген есім де беріп үлгеріпті. Қазір нәрестенің көкек анасы іздестірілуде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.


«Баланың перзентхана мөрі басылған екі жөргегі бар. Анасы сол жөргектер арқылы табылуы мүмкін», — дейді неонатолог-дәрігер Айнұр Ештаева.