Оңтүстік Қазақстанда әуе апатынан қаза болған шекарашыларға арналған ескерткіш қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда әуе апатынан қаза болған шекарашыларға арналған ескерткіш қойылды

Оңтүстік Қазақстанда әуе апатынан қаза болған шекарашыларға арналған ескерткіш қойылды

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмада әуе апатынан қаза болған шекарашыларға арналған Данқ аллеясы ашылды.

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 437
Фото - Caravan.kz


Ол жерге граниттен жасалған екі мемориал тақта орнатылды, онда 2009 жылы 9-қыркүйекте МИ-8 тікұшағы құлаған кезде қаза болған шекарашылардың есімдері бастырылған және 2012 жылы 25-желтоқсанда АН-72 құлаған кезде қаза болған 2037 әскери бөлімшенің командирі Аманбек Шукановтың мүсіні орнатылған, деп хабарлады 2037 әскери бөлімшесінің тәрбиелеу, әлеуметтік –құқықтық көмек бөлімінің аға офицері Мұратбек Жапарқұлов.
Ескерткішті ашу рәсіміне қаза болған шекарашылардың туысқандары, ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының басшылығы қатысқан.
Алдында хабарланғандай, МИ-8 тікұшағы қазақстандық-өзбек шекарасында іздеу операциясы барысында апатқа ұшыраған, оның құлауы салдарынан он адам қаза болып, үш адам жарақат алған.
ҰҚК шекара қызметінің ведомстволық Ан-72 тікұшағы 2012 жылы 25-желтоқсанда Шымкентке жақын жерде құлаған. Оның бортында 27 адам, оның ішінде ҰҚК ШҚ директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков жұбайымен және аймақтық «Оңтүстік»басқармасы бөлімшелерінің жетекшілері болған. Бәрі де қаза болды.