«Барлау Өндіріс ҚМГ» АҚ Қызылорда облысында Ақсай мұнай газ кен орнын пайдалануға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барлау Өндіріс ҚМГ» АҚ Қызылорда облысында Ақсай мұнай газ кен орнын пайдалануға берді

«Барлау Өндіріс ҚМГ» АҚ Қызылорда облысында Ақсай мұнай газ кен орнын пайдалануға берді

-«Барлау Өндіріс ҚМГ» АҚ Қызылорда облысында Ақсай мұнай газ кен орнын пайдалануға берді,

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 903
Фото - Caravan.kz


деп хабарланған компаниядан таралған ақпаратта.
Кен орнын игеруге лицензия «Барлау Өндіріс ҚМГ» АҚ бірлескен компаниясы "Қазгермұнайға" тиесілі.
"Ақсай кен орнын жайғастыру» жобасына құйылатын инвестициялар көлемі 9,6 млрд теңге. Болашақта скважина салуға қосымша инвестиция жұмсау көзделген», делінген онда.
"Ақсай кен орнының іске қосылуы "Қазгермұнай" компаниясына мұнай өндірісін қол жеткізілген деңгейде тұрақтандыруға мүмкіндік бермек. Оның үстіне газдың қосымша көлемі компанияға Қызылорда қаласын көгілдір отпен қамтамасыз ету жөніндегі өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді», деді «Барлау Өндіріс ҚМГ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов.
Тәуелсіз Miller and Lents, Ltd. компаниясының есеебіне қарағанда, Ақсай кен орнында 2013 жылдың 31-желтоқсанына қарағанда 2Р санатындағы мұнай қоры 1,5 млн тонна болған, газ қоры – 1,626 млрд текшеметр.
Ақсай құрылымы 1980 жылдары анықталған.