Қызметкерін жұмыстан заңсыз шығарған Словакия президентінің мүлкі тәркіленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызметкерін жұмыстан заңсыз шығарған Словакия президентінің мүлкі тәркіленбек

Қызметкерін жұмыстан заңсыз шығарған Словакия президентінің мүлкі тәркіленбек

Сот шешімі бойынша Словакия президентінің қызметтік мүлкінің жалпы сомасы 121 мың еуроны құрайтын бір бөлігі тәркіленіп, республика басшысының кеңсесінен заңсыз шығарылған қызметкерге өтемақы ретінде төленеді.

  • 13 Желтоқсан 2014
  • 244
Фото - Caravan.kz

«Президент Рудольф Шустердің кезінде жұмыс істеп, қызметтен шығарылған Ладислав Лизак Иван Гашпаровичтің ел басқаруы кезінде сотта жеңіске қол жеткізген. Енді Андрей Кисканың президенттігі кезінде сотпен анықталған өтемақысын алмақшы, бірақ әзірше ол мақсатына жете алмауда», деп хабарланған братиславалық SME газетінің сайтында.

Басылым мәліметтері бойынша, бұл іске сот приставы Штефан Майхрак кірісті. Сот шешімінің негізінде ол президент кеңсесі мүлкінің бөлігін кейіннен сатуды көздеумен аталған сомаға тәркілеу туралы өкім дайындады. Мүлікті тізімдеу 2015 жылдың 18 наурызына белгіленді.