Қазақстандық ардагерлер өздері майданға қатысқан елдерге сапарлайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық ардагерлер өздері майданға қатысқан елдерге сапарлайтын болады

Қазақстандық ардагерлер өздері майданға қатысқан елдерге сапарлайтын болады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында ардагерлерге материалдық көмекке 5,7 млрд. теңге қарастырылды. Бұл туралы  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің селекторлық режімдегі алқа отырысында осы ведомствоның басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарланды баспасөз қызметінен.

  • 13 Желтоқсан 2014
  • 468
Фото - Caravan.kz

«2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. ҰОС ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетуге, ардагерлердің Астана мен Мәскеуде өтетін мерекелік шерулерге қатысуына республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге бағытталады», — деді министр.

Сонымен қатар Т. Дүйсенова осы шаралар аясында  ардагерлердің өздері майданға қатысқан елдерге ақысыз сапарлары қарастырылып отырғандығын атап өтті.