Байқоңырдан «Ямал-401» ресейлік телекоммуникациялық спутнигі ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан «Ямал-401» ресейлік телекоммуникациялық спутнигі ұшырылды

Байқоңырдан «Ямал-401» ресейлік телекоммуникациялық спутнигі ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағында ресейлік «Газпром космические системы» спутниктік байланыс операторының «Ямал-401» ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды.

  • 15 Желтоқсан 2014
  • 778
Фото - Caravan.kz


«Зымыран-тасығыш жергілікті уақыт бойынша сағат 3:16-да ұшырылды.  Құрамында «Бриз-М» жүрдек блогы мен байланыс спутнигі бар басты ғарыштық бөліктің бөлімін ұшыру сағат 3:25-те, «Ямал-401»-ді — 12:17-де жоспарланған», — деп хабарлайды  агенттік Роскосмос өкіліне сілтеме жасап.

«Газпром — космические системы» ресейлік спутниктік байланысы орбиталық топтамасының жаңа спутнигі Еуропа мен Азия аумағында байланыс және телехабар сигналдарын ретрансляциялауға арналған. Спутникте  в С- и Ku- жиілік диапазондарында жұмыс істейтін 53 транспондер мен алты антенна орнатылған.