Хакерлер Джеймс Бонд туралы жаңа фильмнің сценарийін жариялап жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хакерлер Джеймс Бонд туралы жаңа фильмнің сценарийін жариялап жіберді

Хакерлер Джеймс Бонд туралы жаңа фильмнің сценарийін жариялап жіберді

Джеймс Бонд туралы «агент 007» фильмінің продюсерлері жексенбіде «Spectre» атауымен шығатын жаңа фильмінің сценарийін хакерлер ұрлап кеткенін мәлімдеді, деп жазады «Жаңалықтар» РАА. 

  • 15 Желтоқсан 2014
  • 432
Фото - Caravan.kz

Фильмнің бастапқы нұсқасына жазылған сценарийді желтоқсанның басында Sony Pictures Entertainment кинокомпаниясының компьютерлер желісін «бұзған» кезде қолды қылған.

Сценарийді жариялап жіберуі мүмкін деген қауіппен продюссерлер әлем бойынша ол туындының авторлық құқықтарын қорғап қойған, делінген Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарламасында.

Басты рөлді Дэниел Крейг сомдайтын «агент 007» жайлы 24-ші фильм 2015 жылғы 6 қарашада көрерменге жол тартуы керек.


Хакерлер қылмысын АҚШ Федералды тергеу бюросы мен АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрлігі тергеуге кірісті.