Австрия Рахат Әлиевке жаңа айып тағуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австрия Рахат Әлиевке жаңа айып тағуы мүмкін

Австрия Рахат Әлиевке жаңа айып тағуы мүмкін

Рахат Әлиевке жақын арада ресми айып тағылмақ. Австрия прокуратурасы экс-елшіге қатысты тергеуді аяқтады. Енді ол бірнеше ауыр бап бойынша сотталуы мүмкін - деп хабарлайды КТК арнасы. 

  • 15 Желтоқсан 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz

Рахат Әлиев биыл 5 шілдеде Венада құрықталған болатын. Қазір сондағы тергеу изоляторында жатыр. Экс-шенеунікке бірнеше ауыр кінәлар тағылған. Әлиев өз отанында да 40 жылға сырттай сотталған.  Кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығында болған, кейін елшілік қызмет атқарған шенеунік «адам бопсалаумен айналысты», «қазына қаржысын талан-таражға салды» және «банкирлерді өлтірді», оған қоса саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың қазасына тікелей қатысы бар деп айып тағылған.

Егер Австрия соты да кінәлі деп танысы Әлиевтің біраз уақыт бостандық көрмейтіні анық.