Назарбаев Митталға металлургтер мен кеншілерді ренжітпеуге кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Митталға металлургтер мен кеншілерді ренжітпеуге кеңес берді

Назарбаев Митталға металлургтер мен кеншілерді ренжітпеуге кеңес берді

Назарбаев Митталға кеншілер мен металлургтердің артында кім тұрғанын айтты.

  • 15 Желтоқсан 2014
  • 599
Фото - Caravan.kz

Еңбеккерлердің басты қорғаушысы өзі екенін жасырмаған  Елбасы, болат магнатынан жалақыны кешіктірмеуді талап етті,  — деп хабарлайды КТК арнасы. 

Теміртаудағы метталлургиялық комбинаттың қожайыны Лакшми Миттал президенттің ұсынысымен сөзсіз келісті. Осы кездесу үшін Лондоннан ұшып келген әлемдегі ең бай адамдардың бірі — компания табысының көбейіп келе жатқанын да қуана хабарлады.

Тіпті болат өндірісін 6 миллион тоннаға жеткізуге дайын екенін айтып ағынан жарылды. Ал Нұрсұлтан Назарбаев болса, үнді миллиардеріне металлургтер мен кеншілерді ренжітпеуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Қазір ең басты нәрсе – өндірісте жұмыс істейтіндердің әлеуметтік көңіл-күйі. Менің теміртаулық металлургтермен және қарағандылық кеншілермен қарым-қатынасым ерекше. Сондықтан  жұмыс орындары қысқарып, жалақы төленбей жатса, олар тікелей маған хабарласады.