Астанада бір топ мәдениет және спорт қайраткерлері марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бір топ мәдениет және спорт қайраткерлері марапатталды

Астанада бір топ мәдениет және спорт қайраткерлері марапатталды

 Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Тәуелсіздік күніне орай бір топ мәдениет және спорт саласының майталмандары мемлекеттік наградалармен, мақтау грамоталарымен марапатталды. 

  • 15 Желтоқсан 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz


Салтанатты шараны ашқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атап өтуінше, Тәуелсіздік күнін мерекелеу еліміздің мемлекеттілігін нығайтып, тұрақтылығы мен бірлік-берекесін бекіте түседі. 

Шара барысында министр А.Мұхамедиұлы мәдениет және спорт саласының 34 қайраткеріне «Парасат» және «Құрмет» ордендерін, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын, «Ерен еңбегі үшін» медалін және «Құрмет» грамоталарын тапсырды. 

Марапатталғандардың ішінде есімдері елге белгілі театр және кино актері Фархат Әбдірайымов, композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі, жазушы Абай Тыныбеков, «Astana Ballet» балетмейстері Айгүл Тәти, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков және басқалар бар.