Марат Тәжин ресейлік және қазақстандық жетекші БАҚ өкілдерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марат Тәжин ресейлік және қазақстандық жетекші БАҚ өкілдерімен кездесті

Марат Тәжин ресейлік және қазақстандық жетекші БАҚ өкілдерімен кездесті

 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин ресейлік және қазақстандық жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz

Шақырылығандардың арасында «Радио России»  мен «Россия сегодня» ХАА, «Аргументы и факты», «Комсомольская правда», «Новые известия», «Коммерсант», «Егемен Қазақстан» газеттері, «Огонек» журналы, «Қазақстан» ТРК, Қазақ радиосының өкілдері болды.

БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйлеген ҚР-ның Ресейдегі дипломатиялық миссиясының басшысы қазақстандық-ресейлік ақпараттық саладағы қарым-қатынастардың дамып отырған интеграциялық үдерістер алдындағы маңыздылығын атап өтті.

«Ресей мен Қазақстан қарым-қатынастарындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін бағалау қиын, әсіресе 2014 жылы», — деп атап өтті М.Тәжин.

Кездесу аясында М.Тәжин «Қазақстандық-ресейлік ақпараттық саладағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс дипломдарын тапсырды, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей БАҚ өкілдеріне бағалы сыйлықтар берілді. Марапатталғандардың арасында «Независимая газета» шолушысы Панфилова Виктория, «Қазақстан» РТРК АҚ басқармасының төрайымы Мұхамеджанова Нұржан, «Вести» телеарнасының шолушысы Кондрашов Андрей, «Огонек» журналы бас редакторының орынбасары Сабов Дмитрий, «АиФ-Қазақстан» газетінің бас редакторы Кузовников Сергей, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Жақсыбай Самрат болды.

Өз кезегінде масс-медиа өкілдері ҚР-ның Ресей Федерациясындағы дипломатиялық миссиясының басшысына жылы қабылдауы үшін алғыстарын білдіріп, қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардың нығаюына бағытталған оқиғаларды одан ары насихаттауға дайын екендіктерін жеткізді.