Путин 23 желтоқсанда ҰҚКҰ ҰҚК сессиясына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин 23 желтоқсанда ҰҚКҰ ҰҚК сессиясына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады

Путин 23 желтоқсанда ҰҚКҰ ҰҚК сессиясына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады

 Ресей Президенті Владимир Путин 23 желтоқсанда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеіесінің сессисына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 545
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі мәлімдеді.
Хабарламаға сәйкес, ҰҚКҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессисында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан президенттері ҰҚКҰ мүше мемлекеттерінің одақтық өзара байланысын нығайту және аймақтық мәселелерді талқылайды.
Сессия барысында ҰҚКҰ-ға төрағалық ету Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына өтеді.
«Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мемлекет басшылары деңгейінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ пен оның органдарының қызметке кірісе бастауының практикалық буынына қатысты бірқатар шешімдер қабылданады», дейді баспасөз қызметі.
Кездесу қорытындысы бойынша басшылар баспасөз мәслихатын өткізеді.