Алматыда жаңа қосалқы электр стансасы қолданысқа берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаңа қосалқы электр стансасы қолданысқа берілді

Алматыда жаңа қосалқы электр стансасы қолданысқа берілді

Бүгін Алматы қаласында жаңа 110/10/6 кВ «Алтай» қосалқы стансасы қолданысқа берілді.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 784
Фото - Caravan.kz

Шаhардың солтүстік бөлігінде орналасқан нысандарды қосымша электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында салынған жаңа стансаның ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бастаған жергілікті билік өкілдері, «Самұрық энерго» АҚ мен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшылығы және энергетика саласының басқа да мамандары қатысты.

«Алтай» қосалқы стансасы әлемдік стандарттарға сай, дүниежүзі бойынша энергетика саласында қолданылатын сапасы жоғары, жарылыс пен өрттен қорғау жүйесімен жабдықталған. Бұл жабық типті станса. Енді алдағы уақытта электр қуатының шығындары азайып, сенімділік пен пайдалану қауіпсіздігі арта түседі. Қаламыздың солтүстік бөлігінде орналасқан нысандар енді жылдың қай мезгілінде болмасын, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, электр қуатымен толыққанды қамтамасыз етілетін болады. Бұл стансаны іске қосу Түркісіб ауданының дамуына жаңа серпін береді» — деді өз сөзінде қала басшысы. 

Сонымен қатар, Ахметжан Смағұлұлы Алматы қаласын электр қуатымен қамтамасыз етуді арттыру бағдарламасының аяқталуға жақын екендігін жеткізді.


«Қаламызда соңғы 6 жылда осымен 31-ші қосалқы станса іске қосылды. Осылайша, мамандардың айтуынша Алматы қаласы алдағы 20-25 жылға дейін  электр қуатымен толық қамтамасыз етіліп отыр. Келесі жылы «Түркісіб» қосалқы стансасы қолданысқа беріледі. Сонымен, Алматыны электр қуатымен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталады» — деді А. Есімов.

Айта кетелік, 110/10/6 кВ «Алтай» қосалқы стансасын іске қосу — Алматы қаласы әкімшілігі бекіткен «Индустрияландыру картасы» мен «Алматы қаласы электр желілерінің 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі даму келешегінің жоспары» атты бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Оны салуға 2 млрд. 700 млн. теңге жұмсалған.