Алматы қаласында жылына 300 шақырым электр желісі жөндеуден өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласында жылына 300 шақырым электр желісі жөндеуден өткізіледі

Алматы қаласында жылына 300 шақырым электр желісі жөндеуден өткізіледі

Алматы қаласында жылына 300 шақырым электр желісі жөндеуден өткізіледі. Бұл бұрын соңды болмаған көрсеткіш. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында «Алтай» қосалқы стансасының ашылу салтанаты барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді. 

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 724
Фото - Caravan.kz


«Бүгінде Алматы қаласында жылына 300 шақырым электр желісі жөнделеді. Сонымен қатар, жылына ұзындығы 15 шақырым болатын жаңа замануи, оқшаулағышы бар электр желілері салынуда. Мұның өзі — үлкен жұмыс. Алматыда бұдан 10 күн бұрын бір күнде қалыңдығы 40 сантиметрлік қар жауды. Бірақ, соған қарамастан қаланы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары ойдағыдай атқарылды. Еш жерде апаттық жағдай туындаған жоқ. Алматылықтар энергетиктердің қажырлы еңбегін сезген де білген же жоқ. Ал бұл, сіздерге берілген ең үлкен баға», — деді А. Есімов.

110/10/6 кВ «Алтай» қосалқы стансасын аралап көрген қала әкімі оның салыну ерекшелігіне ризашылығын білдірді.

«Мұндай жабық типті стансалар кезінде ашық күйде салынатын және 2 гектарға жуық жерді алып жататын. Ал қазір ондағы барлық замануи, шет елдік электр қондырғылары 30-40 шаршы метр жерді ғана алып жатыр.

Соған қарамастан, бұл жаңа стансаның қуаты осы аумақта орналасқан стратегиялық маңызы бар нысандарды электр қуатымен қамтамасыз етуге жетеді», — деді қала басшысы.

Айта кетелік, алдағы жылы қалада жаңа «Түркісіб» қосалқы стансасы салынады. Осымен олардың саны 32-ге жетеді. Сөз соңында Ахметжан Есімов энергетиктерді алдағы 22 желтоқсан күні болатын кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектерінде сәттілік тіледі.
Алтай

Алтай

Алтай

Алтай

Алтай

Алтай

Алтай