Қостанайда металл істіктерге құлап, 58 жастағы ер адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда металл істіктерге құлап, 58 жастағы ер адам көз жұмды

Қостанайда металл істіктерге құлап, 58 жастағы ер адам көз жұмды

Қостанайдағы «Тобыл-Керамика» ЖШС-нің аумағында 58 жастағы ер адам қаза тапты.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 629
Фото - Caravan.kz


Қостанай облыстық ТЖ депарментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адам бункер аузындағы істіктері бар білікке құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды. Адам қаза тапқан бункердің ішінде балшықты өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Кәсіпорын бұрынғы химия зауытының аумағында орналасқан. Қайғылы оқиға 16 желтоқсан күні кешкі уақытта болды. Ол туралы кезекші бөлімге хабарланған соң, оған Қостанай облыстық ТЖД мен ІІД-нің жедел топтары, сондай-ақ жедел жәрдем көлігі келіп, қажетті шараларды қолға алды. 

Опат болған адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.