деп хабарлады Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан.
"Өткен жылдың 1-қазан айымен салыстырғанда биыл осы кезеңде шағын және орта бизнес белсенді субъектілерінің саны 99644 бірлікке артты, немесе 13,2%. Демек, мораторийдің жарты жылы ішінде белсенді субъектілер саны орташа жылдық өсім қарқыны жағынан соңғы 9 жылда екі есеге дерлік артты (7,5%)" делінген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының зерттеуінде.
Кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің басым көпшілігі мемлекеттік органдар тарапынан жиі тексерулер кәсіпкерлік қызметті дамытуға кері ықпал етеді деп санайды, мораторий енгізудің орындылығын сұраққа жауап бергендердің 80 пайызы мақұлдады, бақылаушы органдардың тексерулері шағын және орта бизнестің дамуын тежейді, делінген зерттеуде.
Қазақстанда биылғы жылдың 1-сәуірінен 2015 жылдың 1-қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий күшіне енген.