Соңғы 25 жылда адамдардың өмір жасының ұзақтығы алты жылға ұзарған – зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы 25 жылда адамдардың өмір жасының ұзақтығы алты жылға ұзарған – зерттеу

Соңғы 25 жылда адамдардың өмір жасының ұзақтығы алты жылға ұзарған – зерттеу

 Жер бетінде адамдардың өмір жасының ұзақтығы 1990 жылмен салыстырғанда алты жылға ұзарған.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 566
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы британдық The Lancet журналы хабарлады.
Атап айтсақ, 1990-2013 жылдар аралығында адам жасының ұзақтығы 65,3 жылдан 71,5 жылға дейін ұзарған. Ерлердің өмір жасы 5,8 жылға, әйелдердікі – 6,6 жылға ұзарған.
Ал, Африканың оңтүстігіндегі елдердегі жағдай керісінше: онда адамдардың жасының ұзақтығы ВИЧ/СПИД сынды аурулардың салдарынан кем дегенде бес жылға кеміген.
Непал, Руанда, Эфиопия, Нигер, Мальдив, Шығыс Тимор, Иран сынды елдерде адамдардың өмірі 12 жылға ұзарыпты.
Халықтың өліміне негізінен бауыр қатерлі ісігі, жүрек қағысының бұзылуы, есірткіден туындайтын сырқаттар, бүйректің созылмалы ауруы, орақ тәріздес жасушалы анемия, қант диабеті және ұйқы безі рагы сынды аурулар түрткі болады.