Ресей экономикасы қазір үш дағдарысты басынан өткеріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей экономикасы қазір үш дағдарысты басынан өткеріп отыр

Ресей экономикасы қазір үш дағдарысты басынан өткеріп отыр

Ресейлік экономика қазіргі уақытта бірден үш дағдарысты бастан өткеріп отыр,

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 637
Фото - Caravan.kz


олар құрылымдық, геосаяси және сұраныс жағынан шектеулерге байланысты болып отыр, деп санайды экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев.
"Қазір бізде үш дағдарыс бар.Біріншісі-құрылымдық,бүкіл шығындар көбейіп отыр, шығындардың өсімі экономика өсімінен бірнеше есе жоғары. Екіншісі, қарапайым іскерлік кезеңнің бөлігі, ол ішкі және сыртқы шектеулерге байланысты. Үшіншісі геосаяси дағдарыс, ол санкциялар механизмдеріне, контрсанкцияларға байланысты”, деді А.Улюкаев бейсенбіде "Ведомости" газетінде жарық көрген мақаласында.
Үш дағдарыстың бір кезде болуы бұл кездейсоқтық, бірақ базаның дайын болуы заңдылық, деді ол.
Министрдің айтуынша, елдегі санкциялық режим ұзаққа созылатын тәрізді.
"Санкциялар ұзаққа созылмайды, деп топшылағанда, нашар болжамшы болған секілдімін. Ал АҚШ конгресі “Украина бостандығын қолдау туралы акті” қабылдаған соң оның ұзаққа кететіндігін түсіндім, америкалық заңдар қабылданған жағдайда, оны жылдар бойы өзгерту қиын”, деді А. Улюкаев.
Сонымен қатар ол атап өткендей, бүкіл әлемдік экономиканың қарқыны бұрынғыға қарағанда төмен болмақ, демек ресейлік экономика өсімінің қарқыны да бұрынғыдай болмайды.
"Яғни, санкция болмағанда, мұнай бағасы түспегенде, біз ақымақтық жасамағанда, экономика өсімі 2,5-3% болар еді. Қазіргі жағдай ұзақ уақытқа созылмақ. Менің заманымдағылар үшін мәңгі десе де болады. Мен басқа қалыпты жағдайды көрмейтін болармын, сіздер көретін шығарсыздар”, деді А.Улюкаев.