Қарағанды облысында жол апатынан он адам зардап шекті.
Бұқар жырау аудандық прокуратурасының хабарлауынша, өткен сәрсенбі күні «Ауди-80» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.
Жүргізушілердің екеуі де жарақат алды. Сонымен қатар олардың жанындағы сегіз жолаушы да ауруханаға жеткізілді.
Аталған жол апатына қатысты жан-жақты тексеру жүріп жатыр.