Қазақстанның мұнай қоры 60 млрд. тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мұнай қоры 60 млрд. тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін

Қазақстанның мұнай қоры 60 млрд. тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін

Қазақстанның мұнай қоры 60 млрд. тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Атырауда мұнай өңдеушілермен кездесу барысында мәлімдеді.

  • 19 Желтоқсан 2014
  • 573
Фото - Caravan.kz

«2015 жылы біз  «Еуразия» жобасын іске асыруды бастаймыз.  Каспий маңы ойпатында ашылған мұнай кен орындары аз емес, оның ішінде Теңіз, Қарашығанақ, т.б. бар. Бірақ көмірсутегі болуы мүмкін шөгінді жыныстар да баршылық. Біз осыған сүйеніп Қазақстандағы мұнай қоры 60 млрд. тоннаға ұлғаюы мүмкін деп болжап отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы Ресей Федерациясымен бірлесіп атқарылады, біз жақын уақытта олармен келісімге келеміз», — деді Ұ. Қарабалин.

МӨЗ ұжымымен кездесу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатымен ақпараттық топтың аймаққа келген сапары аясында өтті. Ақпараттық топты Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин бастап барды.