Швеция футбол командасының шабуылшысы Златан Ибрагимович өз еліндегі крондық миллиардерлер қатарын толықтырды, деп хабарлайды aftonbladet.se.
Швецияның ең бай адамдар тізімінде З.Ибрагимович 1 млрд швед кронымен 142-ші орынды алады. Ол осы тізімдегі жалғыз спортшы. З.Ибрагимович байлыққа футбол ойынынан, көліктермен байланысты жарнама науқандары арқылы ие болған.
1 швед кроны = 0,1 евро.
З.Ибрагимович клубтық деңгейде қазіргі уақытта "Пари Сен-Жермен" командасының намысын қорғайды.