Сирияда содырлар лагерлеріндегі қазақстандық балалардың кім екендігі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияда содырлар лагерлеріндегі қазақстандық балалардың кім екендігі анықталды

Сирияда содырлар лагерлеріндегі қазақстандық балалардың кім екендігі анықталды

 Құқық қорғау органдары шетелде әскери қимылдар болып жатқан жерлерден Қазақстан азаматтарын қайтару жөніндегі жұмысты жалғастырып отыр,

  • 19 Желтоқсан 2014
  • 677
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады республика бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.
"Қазақстандық балалар бейнеленген роликке келер болсақ (Сирияда содырлар лагерінен – ИФ-Қ) біз онда кімнің түскендігінен, олардың кім екендігінен хабардармыз. Арнайы қызметтер, құқық қорғау органдары мұндай үлгідегі материалдармен аса ыждаһатты түрде жұмыс істеп жатыр”, деді ол Астанада жұмада "Діни экстремизм мен терроризмге қарсы ықпал ету саласында халықаралық ықпалдастық тиімділігін арттыру механизмдері туралы” халықаралық ғылыми-практикалық" конференция арасында журналистерге.
"Мен қазір нақты аты-жөндерін атай алмаймын, бірақ біз ол балалардың кім екендігін тамаша білеміз, олардың қылмыстық қызметке араласпауы жолында жұмыс атқарамыз. Сирияға ол балалар әр түрлі жолмен барып қалғандар, негізінен сонда көшкен қазақстандық отбасылардың балалары.
А.Кравченконың хабарлауынша, арнайы қызметтердің деректеріне қарағанда, қазір Сирия мен Иракта 300-ден аса қазақстандық әскери іс қимылдарға қатысуда.
Қараша айының соңында интернетте Калашников автоматын құрап жатқан бір топ бала көрсетілген болатын.
Екі бала қазақ тілінде Қазақстаннан шыққандарын, жаттығу лагерінде жаттығып, тіл үйреніп жүргендерін айтуда. Бейнетаспада насихаттаушы мәтін бар, онда бұл балалар болашақта Исламды бүкіл әлемге таратушы болашақ жауынгерлер, деп көрсетілген.