Мынау Доссордағы ең жаңа нысан. 30 орындық аурухана мен ауысымына 70 адам қабылдайтын емхана. Су жаңа деген аты ғана қалған. Шамасы жеткен доссорлықтар қазір Атырауда немесе Құлсарыда емделеді. Ал қалтасы жұқалары «ық жер» деуге ғана ауыз баратын осы нысанда қаралуға мәжбүр.
Амангелді Тұрланов, емделуші:
— Күн қазір жылы ғой. Салқындаса палата азынап кетеді. Ем алу қиындау. Ем алуға пешпен келу керек. Қыста.
Әсіресе, жүкті әйелдерге қиын. Босану залы ұлып тұрғандықтан, акушерлер үйлерінен электр пештерін әкеліп қойған.
-Мысалы мына босану бөлмесіндегі ауа темпетатурасы қазірдің өзінде 10 градусты көрсетіп тұр. Дәрігерлер дәл осы жерде жүкті ананы босандырып ау үшін мынадай 2-3 электр пешін қосып жылытды. Ал өздері қол шаю үшін немесе жас ананы, болмаса нәрестені жуындырып-шайындыру үшін мынадай ескі қолжуғыштарды пайдалануға мәжбүр.
Оны да дәрігерлер өз қаражаттарына сатып алған. Себебі, құбырлар құжат жүзінде салынғанымен, одан бір тамшы да тамбайды.
Юлия Айтбаева, перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі:
—Суды бізге водовозбен алып келеді.Ол суды қайдан әкелді, таза ма, жоқ па, біздер оны тексеріп жатқан жоқпыз,білмейміз. Әкелген сумен біз тамақ пісіреміз, жуынамыз, ыдыс жуамыз.
Доссордағы дымы қалмаған аурухана жайлы облыс басшылары хабардар. Айтуларынша, уақыттың өтіп кетуіне байланысты мердігерді таба алмаған. Енді тек қолдан келері жыл сайын қайта жөндеу. Мәселен 2011-ші жылы төбесін жылыту үшін 2 миллион, ал 2012-де 15 миллион тенге бөліпті. Алда тағы да жөндеу жүргізілмек.
Сүйеу Хайруллин, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:
-Енді 2015 жылға техникалық қорытынды жүргізіп жатырмыз. Сосын сметалық құжаттар жасақталып, күрделі жөндеу жұмыстарын 2015 жылға жүргізейік деп жоспарлануда.
Ол үшін тағы 70 миллион теңге бөлінбек. Ал сапасыз құрылыс жүргізген мердігерлерді Денсаулық сақтау басқармасы сотқа беріп қойған. Бірақ, олардың жауапқа тартылуы екіталай. Себебі, компания әлдеқашан банкрот деп жарияланған.




