Ақтөбе облысының әкімі интернеттің жұлдызына айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының әкімі интернеттің жұлдызына айналды

Ақтөбе облысының әкімі интернеттің жұлдызына айналды

Ақтөбелік футбол жанкүйерлері облыс әкімін билетіп қойды. Олар аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовты компьютерлік бағдарламаның көмегімен ергежейлінің кейіпіне енгізіп, жаңа жылдық мультфильмді ғаламторға жариялаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

  • 20 Желтоқсан 2014
  • 1042
Фото - Caravan.kz


Жанкүйерлер дайындаған бейнероликте облыс әкімінің қасына жергілікті футбол клубының жетекшілерін қосақтапты. Былтыр Ресейден алдырған бапкер Владимир Газзаев пен клуб президенті Сағат Еңсегенов те эльфтердің кейпінде. Фанаттар осылайша өкпелерін жеткізбекші болған. Себебі жаңа бапкер келгелі «Ақтөбе» командасының жолы болмай-ақ қойды. Тіпті осыдан бір апта бұрын орталық стадион маңындағы қабырғаларға белгісіз біреулер Газзаевтың кетуін талап етіп, қара бояумен жазып кеткен болатын. Ол жазуларды да бір тәулікке жеткізбей өшіртіп тастады.