Ермек Аманшаев пен Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ермек Аманшаев пен Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды

Ермек Аманшаев пен Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың өкімімен Аманшаев Ермек Әмірханұлы және Әлиев Нұрәлі Рахатұлы Астана қаласы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды елорда әкімінің баспасөз қызметінен. 

  • 20 Желтоқсан 2014
  • 934
Фото - Caravan.kz


Ермек Әмірханұлы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «филолог, қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған, филология ғылымдарының докторы.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеген, Мәдениет комитетінің төрағасы, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. Соңғы жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті қызметін атқарды. 

Нұрәлі Әлиев Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін экономика және қаржы мамандағы бойынша, Пеппердин университетін (бизнес-әкімшілендіру) және Имадек Университетінің магистратурасын (бизнес-әкімшілендіру) тәмәмдаған. 

Әр жылдары «Нұрбанк» АҚ Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған. 2008 жылдың желтоқсанынан 2013 жыл аралығында — «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасы. 

Астана қаласы әкімінің өкімімен Сұлтанбеков Қанат Таңатарұлы мен Балаева Аида Ғалымқызы Астана қаласы әкімінің орынбасарлары қызметінен босатылды.
null

null