АҚШ Ирак пен Ауғанстандағы соғысқа қанша қаржы шығындады – баяндама - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Ирак пен Ауғанстандағы соғысқа қанша қаржы шығындады – баяндама

 АҚШ билігі Ирак пен Ауғанстандағы соғысқа 1,6 трлн доллар шығындады. Бұл туралы АҚШ Конгресі зерттеу қызметі мәлімдеді.
«Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, баяндамада 2001 жылы 11-қыркүйектегі терактіден бастап 2014 жылдың қыркүйегіне дейін конгрестің Ирактағы соғысқа 815 млрд доллар, Ауғанстандағы соғысқа 686 млрд доллар, соғысқа қатысты шығындарға 81 млрд доллар бөлгені айтылған.
Аталған уақыт аралығында Иракта Американың 4491 азаматы қаза тауып, 32 мыңнан астамы жарақат алған.
Ал, Ауғанстанда 2356 американдық көз жұмып, 20 мыңнан астамы жараланған.
Сонымен қатар, Ирак пен Ауғанстанда соғысқан 128 мыңнан астам американдық жауынгер психологиялық проблемаларға душар болыпты.

  • 20 Желтоқсан 2014
  • 742
Фото - Caravan.kz