Осылайша жалпы сомасы 16 млрд 675 млн 918,6 мың теңгені құраған «KEGOC» АҚ акцияларын сатып алу бойынша 41 997 өтініш келіп түсті. Саудаға қойылған акцияның максималды көлемі 13 млрд 130 млн теңге болған. Осылайша сұраныс ұсыныстан 27%-ға асып түсті.
Жеке инвесторлардың өтініштері толық 9 млрд 473 млн теңге, «Halyk Finance» АҚ маркет-мейкер өтініші толық 202 млн теңге, «БҰЗҚ» АҚ өтініштері толығымен 3 млрд 454 млн теңге сомасына қанағаттандырылды.
Осылайша жеке инвесторлар үшін сатылған акцияның жалпы көлемі 72,15%, маркет-мейкердікі — 1,54%, «БҰЗҚ» АҚ — 26,31% құрады.
14 000 акция көлемінде сатылған жеке инвесторлардың өтініштерінің саны жеке инвесторлардың барлық өтініштерінің 41 965 данасын немесе 99,92% құрады. Мұнда көрсетілген лимит аясында өтініштердің орташа сомасы 428,5 мың теңгені құрады.
Акцияларды сатып алу өтініштерін қабылдауда ерекше белсенділік танытқандар: «ҚазПошта» — 2,665 млрд. теңгенің 13 152 өтініші (28,1%), «Freedom Finance» — 2,428 млрд. теңгенің 18 787 өтініші (25,6%), «BCC Invest» 1 215 млрд. теңгенің 479 өтініші (12,8%).
«KEGOC» АҚ қарапайым акцияларының сатылуы KASE-нің қайталама нарығында 2014 жылдың 19 желтоқсанында ашылды.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасы аясында Үкімет «Самрұк-Қазына» АҚ тәуелді және еншілес ұйымдардың акцияларын құнды қағаздар нарығына шығару бағдарламасын құрастырған.
«Халықтық ІРО» бағдарламасында ірі және біршама тұрақты мемлекеттік компаниялардың акцияларын кезең-кезеңмен қор нарығына шығару қарастырылған. 2012 жылы алғаш рет нарықта «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары сатылған.
2015 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ «Самұрык-Энерго» компаниясын IPO-ға шығаруды, ал 2015 жылдан кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ аталған бағдарламаға қатыстыруды көздеп отыр.