Алматы әкімінің шыршасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімінің шыршасы өтті

Алматы әкімінің шыршасы өтті

Бүгін Алматыда қала басшысы Ахметжан Есімовтың шыршасы өтті.

  • 25 Желтоқсан 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz

1700-ге тарта оқу озаты, белсенді оқушылар мен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және жетім балалар қазақ мемлекеттік циркінде өткен салтанатты мерекенің куәсі болды.

Қала басшысы әр оқушының балалық шағында Жаңа жыл мейрамының ерекше орын алатынын жеткізді.

Сонымен қатар әкім қалада жас жеткіншектердің өсіп-жетілуіне жан-жағдай жасалып отырғанын айтып өтті.

"Алматы — елдің қаржылық-экономикалық, ғылым-білім, мәдени спорттық орталығы екені рас. Қаланың осы тарихи рөлін сақтап қалу үшін сіздер мен біздер көп оқып, еңбектеніп, жан-жақты жетіле түсуіміз керек. Соңғы 5 жылда 95 білім беру нысаны салынды. Олардың бәрі заманауи құрал-жабдықпен қамтылды. Бұл сіздердің барынша терең білім алуларыңыз үшін жасалды", — деді қала әкімі.

Бүлдіршіндер назарына "Жаңажылдық ертегі" атты цирк ертегісі қойылды. Олар сайқымазақ, әуе акробаттары, өзге де өнерпаздардың нөмірін тамашалады.


Әр балаға әкімнің арнайы сыйлығы ретінде планшет табыс етілді.