Медициналық мекеме "100 мектеп-100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған.
Облыс әкімінің атынан емхана ұжымына жаңа реанимобильдің кілті табысталды. Денсаулық сақтау мекемесінің ашылуымен тұрғындарды аймақ басшысының орынбасары Владимир Бубенко құттықтады.
"Бұл автокөлік дер кезінде және білікті медициналық көмек көрсету үшін қажет", — деді Владимир Бубенко.
Жаңа емхананың жабдығы заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге жұмсалды.



