Астанада жаңажылдық азық-түлік жәрмеңкелері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаңажылдық азық-түлік жәрмеңкелері өтеді

Астанада жаңажылдық азық-түлік жәрмеңкелері өтеді

27-28 желтоқсанда Астана қаласының әкімдігі "Мобильдік жәрмеңке" жалпықалалық акциясын өткізеді.

  • 26 Желтоқсан 2014
  • 534
Фото - Caravan.kz

Қалалық Ауыл шаруашылық басқармасының хабарлауынша, жәрмеңкені "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Тұрғындар тұрақтандыру қорындағы азық-түліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала алады. Жәрмеңкеде көкөніс, жармалар, қант пен басқа да тамақ өнімдері саудаланбақ.

Өнімдер "Шапағат" коммуналдық базарының аумағында және Сауран көшесі 7, "Гүлжан" сауда орталығының маңында орналастырылған арнайы автокөліктерде сатылады. Азық-түлік тауарларын сатып алуда шектеу қойылады, атап айтқанда, бір адамға үш қаптан артық ауыл шаруашылық өнімдері және бір қаптан артық ұн мен жарма өнімдері босатылмайды.