Қызылорда облысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды

Қызылорда облысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды

Қызылорда ОІІД лық қызмет орталығы 2014 жылдың 11 ай көлемінде қылмысты ашуда, қылмыстың ізін кесуде қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, нәтижесінде 70 қылмыстың бетін ашты.

  • 26 Желтоқсан 2014
  • 524
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде, бөтен мүлікті  ұрлау қылмысы бойынша 37 дерек, тонау қылмысы бойынша 12 дерек, қарақшылық қылмысы бойынша — 1, зорлау фактісі бойынша — 3, бұзақылық бойынша — 4 және басқа да қылмыстар бойынша 13 дерек анықтаған.

Сондай-ақ, заңсыз есірткі айналымы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 20 қылмыстың беті ашылып, 12 құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, иісшіл иттердің көмегімен заңсыз айналымнан 67 кг. 680,775 гр. есірткі заты алынған.

Айта кету керек, Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығының теңгерімінде 37 қызметтік-іздестіру иттері бар.