Қазақстанда өткен жылдың 31 желтоқсанында 820 сәби дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен жылдың 31 желтоқсанында 820 сәби дүниеге келді

Қазақстанда өткен жылдың 31 желтоқсанында 820 сәби дүниеге келді

Қазақстанда 2014 жылғы 31 желтоқсанда 820 сәби дүниеге келді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2015
  • 506
Фото - Caravan.kz


"Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 224 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында — 87, Алматы қаласында — 82, Жамбыл облысында — 71, Шығыс Қазақстан облысында — 67 бала дүниеге келді", — делінген ведомство мәліметінде.